Онда Ресейдің «Когалымавиа» әуе компаниясы ұшағының апатына қатысты тергеудің алдын-ала қорытындылары белгілі болғанша қазақстандық әуе компанияларына Египет әуежайларына ұшуды шектеуге, ал туристік компанияларға туристік пакеттерді сатуды тоқтатуға ұсыныс жасалды.
Авиациялық қауіпсіздік бойынша ұлттық ережелер мен ИКАО-ның тәуекелді басқару жүйесінің стандартты әдістемесіне сәйкес, Азаматтық авиация комитеті Шарм-эәл-Шейх (Египет) әуежайына қатынайтын қазақстандық әуекомпаниялардың ұшу қауіпсіздігінің деңгейін бағалады.
Оның қорытындысына сәйкес, Египетке ұшатын қазақстандық әуе компанияларының қауіпсіздік шаралары талапқа сай емес деп танылды.
Ресей, Ұлыбритания, Нидерланды ұшақтары және Turkish Airlines әуе компаниясы өз жолаушыларын қорғау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Египетке ұшуды уақытша тоқтатты.
Туристік компаниялардың ақпараты бойынша бүгінде Шарм-әл-Шейх рейстеріне 2016 жылғы қаңтардың ортасына дейін 800 турпакет сатылған.
Қазіргі уақытта Шарм-әл-Шейх курортты аймағында қазақстандық SCAT әуе компаниясының чартерлік рейсімен 7 қарашада келген 233 адам тұрып жатыр.