Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр

24.02.2022

Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатыр.

Украинадағы Қазақстан азаматтары елшілікке Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және экранда көрсетілген «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ отандастарымыз Харьков, Львов, Одесса және Днепр қалаларында орналасқан еліміздің консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Сыртқы істер министрлігінде де «жедел желі» ашылды. Сұрақтар бойынша азаматтар 72-06-06 нөміріне хабарласа алады. Қазіргі уақытта Украинада 1600-ден аса адам уақытша және тұрақты консулдық есепте тұр.

Сонымен қатар қазақстандық жолаушыларға арналған сенім телефоны іске қосылды. Украинадан және Украинаға рейстердің тоқтауына байланысты әуе жолаушылары кеңес алу үшін экранда көрсетілген сенім телефондарына хабарласа алады. Байланыс орталығы наурыздың 5-не дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істемек.

Айта кетейік, қауіпсіздік үшін Қазақстанның әуе компанияларына Украина кеңістігінен ұшуға тыйым салынды.


Украина ҚР Киевтегі Елшілігі эвакуациялау ҚР Сыртқы істер министрлігі әуе рейстері

Хабарламаларға жазылу