Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты II Халықаралық медиафорумында «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды.
Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін насихаттау.
Марапат Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала елі» республикалық экспедициясына атсалысқаны үшін Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!