Сілеусіннің Еуропа түр тармағы Орталық Қазақстанды, Алтай түр тармағы Оңтүстік Алтай тауларын, ал, Түркістан түр тармағы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс алқаптарындағы тау сілемдерін мекен етеді.
Сілеусіннің түгі қалың, үлпілдеп тұрады. Тырнақтары мен тістері өткір. Көзі өте қырағы. Иіс сезу, есту қабілеттері жақсы дамыған. Құлағында қылшықты шашағы бар. Жүрген кезде еш дыбыс бермейді. Ағаш басына, жартастарға шапшаң өрмелеп шығады. Қатты секіргенде 3-4 метр қашықтықты бірден алады. Ал, қорек ізегенде тәуілігіне 10-15 шақырым жолды жортып өтеді.
Ерекше қорғауға алынған жануардың өзге қандай қасиеттері бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.