Павлодарда «Сарыарқа» шағын ауданындағы үш тұрғын үйді қолданысқа тапсыру мерзімі 2016 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Сарыарқа» шағын ауданындағы үш тұрғын үйді қолданысқа тапсыру мерзімі 2016 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды

10.11.2015
Павлодарда «Сарыарқа» шағын ауданындағы үш тұрғын үйді қолданысқа тапсыру мерзімі 2016 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды

Павлодар қаласындағы алюминстрой аумағында тұрғызу жоспарланған жаңа «Сарыарқа» шағын ауданындағы үш тұрғын үйді қолданысқа тапсыру мерзімі 2016 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар 350 млн теңге болашақ тоғыз қабатты үш үйдің құрылысына инженерлік желі тартуға арналғанынан хабардар болды. Дегенмен мердігерлер қаржыны игеруге үлгермегендіктен, қаржыны қаланың басқа қажеттілігіне бөлу туралы шешім қабылданды. Тендерді жуырда ғана өткіздік, - дейді агенттікке берген сұхбатында қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Сергей Звонковский.

«Құрылыстың мерзімі біздің қалауымызбен немесе мердігерлердің жұмыс жасағысы келмейтіндіктен шегеріліп отырған жоқ. Тұрғындарды көшіруге екі ай кетті. Нәтижесінде қаншама уақыт жоғалтып алдық. Шаруаны жылдам аяқтаймыз деп ойлаған едік. Алдын ала барлығын ескерттік. Дегенмен көбінің құжаттары дұрыс емес, оларды ұзақ уақыт Халыққа қызмет көрсету орталығында ресімдедік. Осылайша ұзаққа созылып кетті. Жоспарланған аумақтың барлығы сүрілгенмен биылғы жылы желілерді тартып үлгермеді», - дейді С. Звонковский.

Еске сала кетейік, жаңа «Сарыарқа» шағын аудандағы үш үйдің құрылысына биыл бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік коммуникация желілеріне қосымша 750 млн теңге қарастырылған. Қаланың бас жоспары бойынша апаттық жағдайдағы 159 көпқабатты тұрғын үйдің орнына 17,5 мың адамға баспана салу жоспарланып отыр.

 

Хабарламаларға жазылу