Үлескерлер мәселесі 2016 жылы түпкілікті шешілетін болады - Қайырбек Өскенбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлескерлер мәселесі 2016 жылы түпкілікті шешілетін болады - Қайырбек Өскенбаев

25.09.2014
Үлескерлер мәселесі 2016 жылы түпкілікті шешілетін болады - Қайырбек Өскенбаев

Қазақстандағы үлескерлер мәселесі 2016 жылдың бірінші тоқсанына қарай түпкілікті шешімін табатын болады. Бұл туралы бүгін «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» Заң жобасының таныстырылымы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша 2007 жылғы дағдарыс барысында елімізде 450 тұрғын үй кешендері құрылыс барысында тоқтап қалған. Соның салдарынан 68 117 үлескер жапа шеккен. Кейіннен мемлекет бұл іске араласып, тиісті шешімдер қабылдады.

«Қазір 2097 үлескер қатысатын 16 жоба проблемалы күйінде тұр. Біз бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстап келеміз. Соның ішінде 9 жобаның құрылысы жақын аралықта аяқталады. 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр, барлық мәселелер 2016 жылдың бірінші тоқсанына қарай шешімін таппақ», - деді вице-министр.

Хабарламаларға жазылу