Жер кодексінің нормаларына мораторийді көздеген заң қабылданды - Парламент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер кодексінің нормаларына мораторийді көздеген заң қабылданды - Парламент

23.06.2016
Жер кодексінің нормаларына мораторийді көздеген заң қабылданды - Парламент

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, құжатты қабылдады. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» №248 Жарлығын орындау мақсатында әзірленді.

Заңның негізгі мақсаты Жер кодексінің жер пайдалану жөніндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беруді (жалға алу) реттейтін жекелеген ережелерінің қолданылуын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтата тұру болып табылады. Сондай-ақ, 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның кейбір нормаларының және Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұратын болады.

Атап айтқанда, біріншіден, кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

Хабарламаларға жазылу