Мексикада «Макдональдс» өнімінен атжалманның басы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада «Макдональдс» өнімінен атжалманның басы шықты

10.11.2015
Мексикада «Макдональдс» өнімінен атжалманның басы шықты

Мехико штатының Бас прокуратурасы аталмыш қаланың маңында орналасқан Тлалнепантледе орналасқан «Макдональдс» жедел тамақтандыру мейрамханасының жұмысын тоқтатты. Себеп, аталмыш нысанның өнімінен атжалманның басы табылды. 

El Universal, порталының мәліметтерінше, осы мейрамханадан тамақ жеген жергілікті азаматшалардың бірі тағамнан уланып, ауруханаға түскен. Бұл ретте азаматшаның атжалманның басы шыққан гамбургерді сақтап қалғандығы айтылады.

Мексикалық «Макдональдс» өкілдері аталған мәліметті растаудан бас тартып отыр.

Алайда, әлеуметтік желілерді атжалманның  сүйектеріне ұқсайтын суреттер көптеп пайда бола бастады. Нәтижесінде, прокуратура жедел тамақтандыру орнының жұмысын тергеу аяқталғанша, уақытша тоқтатты. Тағамнан зардап шеккен азаматшаның «Макдоналдьсты» сотқа бере ма бермей ма, ол жағы әзірге белгісіз болып отыр.

 

 

Хабарламаларға жазылу