Мексикада мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты

06.05.2019

Олар ел президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың қызметтен кетуін талап етіп отыр. Шерушілер ақ киім киіп, «президент отставкаға кетсін», деп ұрандатты. Биліктің айтуынша, наразылық акциясына 6000 мыңдай адам қатысқан. Олар елде зорлық-зомбылық көбейіп, қаладағы жаңа әуежайдың жабылғанын, мемлекеттік мұнай компаниясындағы қаржы мәселелерін айтып, шағымданды.

Айта кетсек, Обрадор билікке бес ай бұрын ғана келген. Дегенмен, халық оның осы уақыт ішінде маңызды істер атқармағанын, сонымен қатар елде дағдарыс белең алғанын атап өтті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу