ОҚО драма театры Мәскеуде өтетін халықаралық фестивальға қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО драма театры Мәскеуде өтетін халықаралық фестивальға қатысады

09.11.2015
ОҚО драма театры Мәскеуде өтетін халықаралық фестивальға қатысады

1-17 қараша күндері өтетін фестивальға облыстық орыс драма театры Ю.Поляковтың «Одноклассники» драмасын ұсынбақ.

Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Султан Назирович Абдиевтың сахналауындағы бұл қойылым түрлі театрлық жанрларды қамти отырып, адам өмірінің сан қилы тарауларын көрерменге шынайы жеткізеді. 

Адамдық пен адалдықтың, қаталдық пен  сұмдықтың шынайы көрінісі, сыныптастардың 20 жылдан кейінгі бір дастархан басында жиналуы барысында айқын байқалады.

Айта кетейік, Оңтүстік театр ұжымы Мәскеу сахнасында өз қойылымдарын 14-қараша күні ұсынады деп күтілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспаөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу