«Ас болсын!» хабарында – корей асханасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ас болсын!» хабарында – корей асханасы

07.11.2015
«Ас болсын!» хабарында – корей асханасы

Корейлердің ұлттық тағамдары – қышқыл дәмді, ащы тұздық қосқан балық пен көкөністер қосып даярланады. Корейлердің Қазақстан халқына кеңінен тараған, кез келген шағын дүкендерден табылатын ұлттық тағамдарының қатарына чимчи, кокси, хе т.б. секілді ащы салаттар кіреді.

Олар шөп майын пайдаланады. Қазақстан корейлерінің аса ұнататын тағамы тұз салмай буға пісірілген күріш (пон) немесе ботқа. Бұл тағамды көбінесе олар нан орнына пайдаланады. Корейлер сүтті және сүттен жасалған тағамдарды пайдаланбаған.

Кәсіпқойлар мен әуесқойлар осы сенбіде корей асханасында бақ сынасады. Нағыз шебер кім? Ұлттық арнамен бірге анықтаңыз!

 

Хабарламаларға жазылу