Украин халқының қандай тағамын білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украин халқының қандай тағамын білесіз?

13.02.2016
Украин халқының қандай тағамын білесіз?

Украина тағамдары өзге  славян халықтары арасында кең таралған. Тіпті, ежелгі уақытта украин тағамдары беделге ие болды. Қазіргі таңда  украин тағамдары ұзақ жылдық дәстүрін сақтап келеді.

Қандай да бір мереке болған жағдайда  украин халқы міндетті түрде қарақұмық және бидай ұнынан жасалған құймақ дайындайды. Сондай-ақ, мереке күндері салмасы түрлі бәліш пісіреді.

Украина асханасы туралы сөз қозғайтын болсақ, бұл ұш құрамдас бөліктен тұрады. Шошқа еті, тұздалған көкөніс және нандар. Борщтың ең үздік дәмді түрін де осы  украин халқы дайындайды. Сондықтан, борщ украин асханасының басты тағамы болып есептеледі.

«Ас болсын!» хабарында кәсіпқой аспаз бен әуесқой аспаз украин тағамдары  бойынша бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу