«Ас болсын!». Шешен халқының асханасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ас болсын!». Шешен халқының асханасы

21.11.2015
 «Ас болсын!». Шешен халқының асханасы

Шешен асханасы – ең көне әрі қарапайым асханалардың бірі. Шешен халқының ұлттық тағамы сіңімді әрі калориясы жоғары келеді. Сондай-ақ, қолда бар ауқатпен-ақ жылдам дайындалады.

Бұл халықтың көптеген тағамдарының негізгі компоненттеріне ащы дәмдеуіштер, пияз, сарымсақ, бұрыш жатады.

Шешен халқының тағамдары дәруменге бай әрі тойымды. Ал, аскөк қосылмайтын тағам аз. Шешендер аскөкті тағамның негізгі бөлшегі санайды.

Бүгін кәсіби аспаз бен әуесқой аспаз шешендердің ұлттық тағамдарын дайындауда бақтарын сынамақ. 12:25-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу