Бүгінгі таңда, орын алған экономикалық жағдай шетелдік азық-түлік импортын отандық азық-түлікпен алмастыру мәселесін алға тартып отыр. Осыған қарай, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы Қазақстанның ірі қалаларының төңірегінде азық-түлік белдеуін нығайтуды мақсат етті.
Атап айтқанда, компания «Анди», «Айс», «Молочные истории» сүт фермалары сияқты өнеркәсіптік нысандарды, шетел селекциясының ірі қара малдары бар «Актеп» мал бордақылау алаңын, «Изет Грин Хаус» жылыжай кешенін және аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған басқа да ірі жобаларды іске қосты. Қазіргі уақытта тағы да бірнеше ірі өнеркәсіптік нысандарды іске қосу жоспарланып отыр.
Нақтырақ айтқанда, бір мезеттік сақтау қуаты 3 мың тонналық «СХФ Пригородный» ЖШС көкөніс қоймасын іске қосу жоспарда бар. Бұл жоба қажет кезде аймақ тұрғындарын жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
«Қазір көкөніс қоймасы көкөніс өнімдерін салуға толығымен әзір. Жаңа жылға жақынырақ барлық дүниежүзілік стандарттар бойынша сақталған өнімдер бағаны төмендету үшін аймақтың азық-түлік нарықтарына жөнелтілетін болады»,-деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.