Дубай өзінің ерекше ғимараттарымен таң қалдырса, енді Абу-Даби Дубайдан да асып түсуді көздейді. «Capital Gate» ғимаратының орналасуы ерекше. Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр.
Парсы шығанағын жағалай қоныстанған Абу-Даби 1971 жылы тәуелсіздігін алған ел. Бүгінде әлемдегі ең бай жеті мемлекеттің қатарына кіреді. Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Абу-Дабиді әлемдегі ең дамыған және туристер көп келетін қалаға айналдыру үшін қазынадан 200 миллиард доллар бөлдірді.
Әу баста қиғаш бекітілген ғимарат теңіздің толқыны мен шөл даладағы жел, сусыған құмды бейнелейді. Мұнараның жерден ұшар басына дейінгі биіктігі - 162 метр. Әр бұрышы бір-бірін қайталамайды.
Қаладағы ел жиылатын басты орындардың бірі болуы үшін жақсы жерге салу керек. Шейх шаһардағы тәуелсіздік мінберінің жанынан орын бөледі.
Ғимаратты ұстап тұруы үшін жерге қазық секілді 400 бағана орнатылды. Үсті бетонмен қапталды. Ортасындағы өзегі бүкіл ғимаратқа тірек болады. Темір арқауларды күндіз істеу мүмкін емес. Өйткені, 50 градус ыстықта балқытылып шыққан арматуралар дұрыс қатпайды. Инженерлерге сол үшін түнде де жұмыс істеуге тура келді.
Қиғаш тор – ғимараттың негізі. Кереге тәрізді шарбақ өте сапалы. Алдыңғы маңдайшаларының өзіне 26 мың үшбұрыш жұмсалған.
Ғимараттың тағы қандай қызық деректері бар? «Таңшолпаннан» көріңіз.