Ұлттық банк Capital Bank-ке 12,6 млрд теңгені қайтаруды талап етті
Ұлттық банк Capital Bank-ке қатысты 12 млрд 6 млн теңгені қайтару туралы талап арыз берді. Лицензиясынан айырылған қаржы институты Ұлттық банктен 2017 жылы қарыз алған. Несие банктің акционері Орифджан Шадиевтің кепілдігімен берілген еді. Алайда Шадиев өз міндеттемесін орындамаған соң Ұлттық банк берешекті өндіріп алу туралы талап арыз берді. Орифджан Шадиев 2013 жылдан бері Capital Bank-тің иесі болды. 2019 жылы AsiaCredit Bank-ті сатып алды. Бүгінде екі банк те лицензиясынан айырылды. AsiaCredit Bank ақпаннан бері, ал Capital маусымнан бері жұмысын тоқтатты.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06