«Kazsport» телеарнасы көрермендермен бірге 2016 жылдың спорттағы ең қызықты сәттерін еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы көрермендермен бірге 2016 жылдың спорттағы ең қызықты сәттерін еске алады

30.12.2016
«Kazsport» телеарнасы көрермендермен бірге 2016 жылдың спорттағы ең қызықты сәттерін еске алады

Бүгін 31 желтоқсан күні «Kazsport» телеарнасы көрермендермен бірге өтіп бара жатқан 2016 жылдың спорттағы ең қызықты сәттерін еске алады.  

Таңғы 8:50-де көрермен назарына мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің «Гран-При» сериясы «Trophee de France 2016» жарысындағы еркін бағдарламалық қойылымы ұсынылады. Аталған сында Денистің бұл маусымдағы ең жоғары көрсеткіші тіркелгені белгілі.

Сағат 10:35-те «Kazsport» на Казахском радио» бағдарламасында қонақта болатын Әлия Юсупова еліміздегі көркем гимнастика мен спорттың дамуы жайлы ой бөліседі.

Сондай-ақ, кәсіпқой бокс көгінде жарқыраған қос жұлдызымыз Геннадий Головкин мен Қанат Исламның таңдаулы жекпе-жектері көрсетіледі. Сағат 10:55-те 2016 жылдың басты бокс кешіне айналған Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек эфирге шығады, сағат 14:50-де көрермен Геннадий Головкиннің Келл Брукқа қарсы өткізген кездесуін қайталап көре алады.

Сағат 16:50-де «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің теленұсқасы эфирге шығады.  «Kazsport» телеарнасының шығармашылық тобы Жаңа жыл қарсаңында көрерменге бірқатар жаңа жоба дайындады.  

Сағат 14:20-да 28-Қысқы Универсиада тақырыбына арналған  «Медальный счет белых Универсиад» жобасы эфирге шығады. 15:45-те «Феномен GGG» атауымен арнайы репортаж болады. Бағдарламада Головкиннің 2014-2016 жылғы жекпе-жектері мен әлем чемпионының жер-жаһандағы жанкүйерлері туралы айтылады.

Жаңа жыл кешінің тағы бір үлкен жобасы – «Еуропа чемпионатының жаңғырықтары» деректі фильмі. Көрермендер 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қызықтарын тағы бір мәрте еске алады.  

Хабарламаларға жазылу