«Kazsport» телеарнасы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі - «Rostelecom Cup 2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі - «Rostelecom Cup 2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді

03.11.2016
«Kazsport» телеарнасы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі - «Rostelecom Cup 2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының үшінші кезеңі  «Rostelecom Cup 2016» жарысын тікелей эфирде көрсетеді. Аталған халықаралық жарысқа қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қатысуды жоспарлауда. Оның өнерін көрермендер «Kazsport» телеарнасында 4 қараша күні сағат 23:25-де және 5 қарашада сағат 22:35-де тамашалай алады. Ал, мәнерлеп сырғанаудан жұптардың қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетуінің тікелей эфирдегі трансляциясы 4 қараша күні 21:45-те, еркін бағдарлама бойынша көрсетілім 5 қараша күні 20:50-де басталады.

Еске салар болсақ, Элизабет былтыр «Skate America-2015» турнирінде төртінші, «Skate Canada - 2015» бәсекесінде жетінші орынға ие болған еді. Сонымен қатар, Тұрсынбаева ағымдағы жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері.

«Rostelecom Cup 2016» турнирі — бұл 2016-2017 маусымның мәнерлеп сырғанау бойынша ISU Гран-придің үшінші кезеңі. Турнир ұйымдастырушысы — ISU қолдауымен Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясы. Жарыс ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауы, жұппен сырғанау және мұзда билеу категориялары бойынша өтеді.

Хабарламаларға жазылу