Астанада нысана көздеу бойынша республикалық спартакиада басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада нысана көздеу бойынша республикалық спартакиада басталды

11.08.2014
Астанада нысана көздеу бойынша республикалық спартакиада басталды

Бүгін Астанада Қазақстанның әр аймағынан келген күзет басқармасының қызметкерлері арасында нысана көздеуден Республикалық спарткиада өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлап отыр. 

Үш күнге созылатын жарыс аясында Астана, Алматы қалалары  және еліміздің 14 облысынан келген 19 команда өздерінің шеберліктерін көрсетеді. Бүгін «Алатау» спорт кешенінде салтанатты ашылу рәсімі өткізіліп, ары қарай қатысушыларды тартысты жарыс күтіп тұр. Ал, қатысушылар ертең Астана маңындағы арнайы мамандандырылған полигонға барады.

Хабарламаларға жазылу