Андрей Тилипенко талай жылдан бері қазақ халқының мәдениетін зерттеп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Андрей Тилипенко талай жылдан бері қазақ халқының мәдениетін зерттеп келеді

05.11.2015
Андрей Тилипенко талай жылдан бері қазақ халқының мәдениетін зерттеп келеді

Андрей Тилипенко 35 жылдан бері қолөнермен айналысып келеді. Ол өмірінің жартысын қиындығы мен қыр-сыры көп салаға арнаған жан. 

«Кез келген тауардың пішінін, бетіндегі оюларды барынша қайталанбастай етіп жасауға тырысамын.  Кейде ұйқыға жатқанда да қиялымда түрлі ою туындайды. Сондықтан, мен әрдайым өзіммен бірге қойын дәптерімді алып жүремін». 

«Талай жылдан бері қазақ халқының мәдениетін зерттеп келемін. Мені бұл тақырып қатты қызықтырады. Содан осындай ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасауға бел будым»,-дейді дизайнер.

Шеберханада кітаптар, сан алуан қойын дәптерлер мен қабырға шамдары да жасалады. Тауарлардың сапасы жоғары.

 

 

Хабарламаларға жазылу