Оңтүстік Суданда құлаған ұшақтың жанынан 40 адамның денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Суданда құлаған ұшақтың жанынан 40 адамның денесі табылды

04.11.2015
Оңтүстік Суданда құлаған ұшақтың жанынан 40 адамның денесі табылды

Reuters. агенттігінің жергілікті билік өкілдерінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарлауынша, ұшақтың бортында 20-ға жуық адам болған. Олардың 10-нан 15-ке дейінгілері жолаушылар болса, 5-уі ресейлік экипаж мүшелері.

Жүк тасымалдайтын борттың құлауынан жерде қанша адамның мерт болғаны туралы әзірге ешқандай хабар жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам тірі қалған, оның бірі экипаж мүшесі  болса, екіншісі нәресте.

Осыған дейін сәрсенбі күні агенттік өкілдері ұшақтың Джуба әуежайынан 800 метр қашықтықта құлағаны туралы айтылған болатын. Оңтүстік Судандағы істерімен айналысып жатқан Ресейдің Угандадағы елшілігінің өкілдері Ан-12 ұшағының құлағандығын растады. Олар сондай-ақ болған оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлім еткен.  

31-қазан күні Синай жартыаралының солтүстігінде Шарм-Эль-Шейхтен Санкт-Петербург қаласына ұшып бара жатқан «Когалымавиа» компаниясының Airbus A321 лайнері құлады. Оның бртында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы да мерт болды.    

Осы факті бойынша Ресейде екі қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі «Әуе көлігінің қауіпсіздігі мен қозғалысын және пайдалану ережелерін бұзды» деген 263 бап бойынша  және «Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» деген айыппен 238 баптың 3 бөлімі бойынша.   

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу