Иранда құлаған ұшақтың бөлшегі табылды
Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. «Aseman Airlines» компаниясына тиесілі жолаушылар лайнері жексенбі күні елдің таулы аймағында апатқа ұшыраған. Қолайсыз ауа райына байланысты кешке кешкісін оны іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылған еді. Бүгін сол операция қайта жалғасып, әуе көлігінің сынығы елдің Исфахан провинциясының Денгезлу қаласы маңынан табылды. Тегераннан шығып, Ясуджге бағыт алған ұшақ бортында барлығы 65 адам болған. Алдын ала мәліметтерге сай, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Құлаған ұшақ 25 жыл бойы қолданыста болған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21