Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

22.05.2020
Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Airbus A320 авиалайнері Карачи әуежайы маңындағы тұрғын үйге құлаған. Алдын ала болжам бойынша, бортында 100-ге жуық адам болған. Рейс Лахор қаласынан ұшып шыққан.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер саны әзірге белгісіз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құтқарушылар үйінді арасынан 15-20 адамды шығарған. 2 адамның мәйіті табылды. Оның бірі - 5 жастағы бала.

Ұшақтың құлауы салдарынан бірнеше үйге зақым келген.

rbc.ru

Хабарламаларға жазылу