27-29 желтоқсанда және 2016 жылдың 2-3 қаңтар күндері Италияның Генуя қаласында «Астана Опера» театры солистерінің қатысуымен Дж.Пуччинидің «Богема» операсының премьерасы өтеді.
Осыған орай бүгін «Таңшолпанда» «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының, жетекші солисті Медет Шотабаев және «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының, концертмейстері, халықаралық конкурстардың дипломанты Долорес Үмбеталиева қонақта болды.
Аталмыш қойылымға Долорес Үмбеталиева алғаш рет шақыртылып отыр. Бір қызығы, бұған дейін концертмейстерлер арнайы шақырылмаған екен. Бұл турасында әнші: «Астана Опера» театры мен «Сан-Карло Феличе» театры меморандумға қол қойды. Италияның әншілері бізге келмек. Біздің театрымыздың балет труппасы Италияға барып келді. Алдағы уақытта шетелге «Богема» туындысымен театрымыздың алты әншісі аттанбақ. Бұл туындыға әншілер арасында кастинг жүрді. Жұлдыздарымызбен бірге мені де шақырғанына аса қуаныштымын»,-дейді.
14 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залында Медет Шотабаевтің алғашқы жеке концерті өтеді. Долорес Үмбетәлиева фортепианода сүйемелдейді.
«Қазір қызу дайындық үстіндеміз. Басында кешке басқа да әншілерді шақыруды жоспарлаған едік. Алайда, алғашқы концертім болғандықтан, жалғыз өнер көрсетіп көрмек ниеттемін. Жеке кеш – мені үшін үлкен сынақ»,-дейді Медет Шотабаев.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.