Дегенмен, мамандар бұдан әлі нақта байлам жасауға болмайды деген пікір білдіріп отыр.
Египетте құлаған Airbus-321 ұшағы әуеде қираған, дегенмен оған қатысты нақты бір байлам жасау әлі ерте, деп мәлімдеді Мемлекетаралық авиация комитетінің атқарушы директоры Виктор Сороченко.
Айта кетейік, «Когалымавиа» әуе компаниясының ұшағы сенбі күні Шарм-эш-Шэйхтен Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан және оның құрамында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы да мерт болды.
Египеттің Бас прокуроры ұшақ апатының себеп-салдарына анықтау ісіне ресейлік мамандардың қатысуына рұқсат берді. Оларға сондай-ақ ұшақ құлаған аймақтың ғарыштық түсірілімдерді де берілді. Египет басшысы ұшақ апатына байланысты тексеру жұмыстары бірнеше айға созылуы мүмкіндігін айтып отыр.
Қазіргі таңда аймақта төтенше жағдайлар саласының мамандары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Риа новости агенттігі.