Қызықты дәстүр: Дауды шешудің жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызықты дәстүр: Дауды шешудің жолы

01.11.2015
Қызықты дәстүр: Дауды шешудің жолы

Перулік қалаларда және үнділерден тарайтын кейбір ауылдарда «таканакуй» деп аталатын дәстүр бар. Тұрғындар 25 желтоқсан күні Рождество мерекесі кезінде мерекелік киімдерін киіп, жұдырықтасуға дайындалады.

Мұндай тәсілмен олар жыл бойы жиналып қалған келіспеушілікті шешеді екен. Жиында ерлермен қатар әйелдер де өздерінің туыстары мен көршілерін жекпе-жекке шақыра алады.

Ереже бойынша қатысушы қолын матамен орауы керек. Сондай-ақ, тістеуге, қарсыластың шашынан жұлуға және жерде жатқан адамды ұрып-соғуға болмайды. 

Хабарламаларға жазылу