«Абайдың жолы» блог-туры ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Абайдың жолы» блог-туры ұйымдастырылды

11.10.2019

Абай Құнанбевтың 175 жылдығы қарсаңында «Абайдың жолы» блог-туры ұйымдастырылды. Еліміздің әр қаласынан жиналған бір топ блогерлер Абай өңіріндегі тарихи орындарды аралап, саяхат жасады. Ондағы мақсат - өңірде ішкі туризмнің дамуына ықпал ету. Әлеуметтік желі арқылы оқырманға тарихи, рухани орындар жайлы қызықты ақпарат тарату. Екі күнге созылған тур кезінде блогерлер Семейдегі мұражайлар, Абай ауданындағы орналасқан Бөрілі, Жидебай, Ақшоқы мен Қоңыр әулие сынды туристер жиі баратын орындармен жүріп өтті

Алмас Тоқабаев, блогер:

Біз келгісі келіп жүрген, немесе әлі ойланбаған адамдарға алдына міне -деп береміз. Оған жетудің жолдары. Қанша болады? Бағасы қанша болады? Неше шақырым. Одан сен не көре аласың? Негізгі қызықты картаны қалай сызу керек деген. Адамдардың арасында үлкен насихат жүргізу. 

Ержан ЖАҚЫП



Хабарламаларға жазылу