Ең қымбат Олимпиада Бейжіңде ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең қымбат Олимпиада Бейжіңде ұйымдастырылды

01.11.2015
Ең қымбат Олимпиада Бейжіңде ұйымдастырылды

Бейжіңде 2008 жылы ұйымдастырылған олимпиадаға 43 миллиард доллар жұмсалған.

Қытайлықтар расында да аянып қалмаған, оның үстіне аянып қалудың керегі де жоқ болатын, өйткені мұндай шара әлем елдеріне жыл сайын бола бермейді.

Осы додада 958 медаль берілді. Олардың 302-і алтын, 303-і күміс және 353-і қола. Мұның барлығына орасан зор қаржының қажет екені түсінікті де.  

Бейжіңдегі Олимпиада сөз жоқ ерекше әдемі, әсерлі және өты қызықты болды. Осы Олимпиада жарыста таратылған медальдардың саны жағынан да рекорд орнатты. Сөйтіп, қытайлықтар Олимпиаданы ұйымдастыруда екі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.    

 

Хабарламаларға жазылу