Токио Олимпиадасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио Олимпиадасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді

23.07.2021

Токиода өтетін XXXII Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Қазір арналардағы жарыстар кестесі әзірленіп жатыр.

Күншығыс еліндегі дүбірлі дода 8 тамызға дейін жалғасады. Әлемдік сайыста 96 спортшымыз бақ сынайды. Токио төріндегі олимпиада 206 мемлекеттен келген кілең мықтылардың басын қосты. 11 мыңнан астам спортшы үздіктерді анықтайтын болады. Айта кетерлігі, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022-жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын да тікелей эфирде көрсететін болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу