XXIV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XXIV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

21.02.2022

Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасының қоржыны бос. Спортшыларымыз бірде-бір медаль иелене алмады. Ең жақсы көрсеткішті коньнимен жүгіруші Абзал Ажығалиев көрсетті. Ол шорт-тректе 4 орын алған еді. Енді Бейжіңде наурыздың 4-і мен 13 аралығында паралимпиада ойындарын өтеді. Оған 5 спортшымыз қатыспақ. Ал келесі ақ олимпиада 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді.


Хабарламаларға жазылу