Ғалымдар Галапагос архипелагындағы Санта-Крус аралынан алып тасбақаның жаңа түрін анықтады. Бастапқыда бұл аралды мекендейтін тасбақаларды қателікпен бір түрге жазып қойған. Алайда, генетикалық сараптама нәтижесінде тасбақалардың екі бөлек түрге жататыны анықталды.
Алып тасбақаны ғалымдар Жалғыз Джордж атты тасбақаны күтіп-баққан Фаусто Льеренаның құрметіне Chelonoidis donfausto деп атады.
Chelonoidis donfausto-ны қосқанда бүгінде Галапагос аралдарында алып тасбақаның 11 түрі мекен етеді. Жалпы, галапагос тасбақаларының 15 түрі анықталған. Оның 4-і өлген.