Пластик қалдықтар қоршаған ортаға қауіп төндіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пластик қалдықтар қоршаған ортаға қауіп төндіреді

15.02.2019

Эквадорға қарасты Галапагос аралдарында экология жанашырлары дабыл қақты. Арал мен Галапагос ұлттық саябағын 7 күн бойы тазалау жұмыстары кезінде еріктілер мен жұмысшылар 4,5 тонна қоқыс шығарған. Олардың көбі - бірнеше ай немесе жыл бойы теңізде қалқып, кейін жағалауға шығып қалған пластик қалдықтар.

Экологтардың сөзінше, бұл қоқыс Оңтүстік және Орталық Америка елдерінен, сонымен бірге Азиядан Тынық мұхит арқылы келген. Пластик қалдықтар судағы тіршілік иелеріне қауіп төндіреді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу