Бас прокуратура: Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі белең алып барады
Бас прокуратурасы елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді. Ресми хабарламада былай жазылған...
«Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы «несиені» жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа «қауіпсіз» шотқа аударуды өтінеді. Бұл — алаяқтардың шоты».
Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Бөтен адамға, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтерін бермеу керек екенін, күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертеді.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағымен емделу уақытша тоқтатылды
13.01.2026, 20:52
Цифрлық кодекс және азамат құқығы
13.01.2026, 20:49
Мәжіліс депутаттары «Пеноплекс» зауытының жұмыс барысымен танысты
13.01.2026, 20:25
Тапсырыспен жиһаз жасатар алдында алданып қалмау үшін нені ескеру керек?
13.01.2026, 20:23
Енді бекіре өсіретін шағын шаруашылықтар да субсидияға іліге алады
13.01.2026, 20:22
Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
13.01.2026, 20:20
Астана әлемдегі ТОП-100 қауіпсіз мегаполистің қатарына қосылды
13.01.2026, 20:19
М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
13.01.2026, 20:18