Бағдарлама Қазақстан армиясының күнделікті тыныс-тіршілігімен, атқарған іс, жеткен жетістіктерімен таныстырып қана қоймай, жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, олардың патриоттық сана-сезімінің оянуына ықпал етеді.
«Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасының бүгінгі тақырыбы «Арнайы жорықтарды ұйымдастыру тактикасы». Әскерилердің жорықты жасауын, оны жоспарлап, ұйымдастыру жаттығуларын бүгін сағат 09:00-де Ұлттық арнадан көре аласыз.