Арнайы жасақ жауынгерлері өзара мықтыны анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы жасақ жауынгерлері өзара мықтыны анықтады

14.06.2015
Арнайы жасақ жауынгерлері өзара мықтыны анықтады

Арнайы операцияның сәтті шығуы – арнайы жасақ жауынгерлерінің   ұйымдасқан іс-қимылына  байланысты. Әрбір ойланбай жасалған әрекет адам шығынына әкелуі ықтимал. Сондықтан, қызметкерлер сақ әрі батыл болуы тиіс.

Жалпы, мұндай жасақтың негізгі мақсаты – қылмыскерлерді ұстау тәсілдерін автоматтандырылған деңгейге жеткізу, қаруды және арнайы құралдарды кәсіби деңгейде  қолдану. Сондай-ақ,  арнайы құрықтау операциялары кезіндегі ауыр жағдайлардың жолын кесу.

Үнемі дайындық үстіндегі арнайы жасақ жауынгерлері бұл жолы тәжірибелік атыстан ел чемпионын анықтады.  Жарыс нәтижесін бүгін 08:30-да «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу