Бұл жерде адамның денсаулық жағдайының, дене бітімінің жетілуі, ақыл-ойды дамыту, өзін-өзі басқара білу және эмоциялық жағынан табандылық сияқты қасиеттер маңызды саналады.
Мұндай қасиеттер шахматшыларға да қажет. Соған қарамастан, Ресей қоғамында шахматты спорт ретінде қабылдауға болмайды деген түсінік бар.
Түптеп келгенде шахмат 100-ден астам мемлекеттерде спорт түрі саналады. Ал, Халықаралық олимпиада комитеті шахматты 1999 жылдан бастап, ресми түрде спорт деп мойындады. Бірақ, бұл спорт олимпиада тізіміне енбеді. Жалпы алғанда, шахмат олимпиада тізіміне енбей қалған жалғыз спорт емес.
Ресей тұрғындарының пікірлерінше, спорт міндеттеі түрде адамның дене бітімін дамытып оны жітілдіруі керек. Сонымен қатар, қоғамда кәсіби спортшылардың барлығы ақыл-ой жағынан шектеулі болып келеді деген де пікір бар.
Ал нақты тәжірибеге келетін болсақ, үлкен жетістіктерге тек интелектуалдық жағынан дамыған адамдар ғана қол жеткізе алады. Өйткені спорттың барлық түрлері адамның дене бітімінің дамуы мен ептілігіне байланысты бола бермейді.
Ал, шахмат болса адамның шағармашылық ойлау қабілетін арттырып, интелектін дамытады, есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Бұл жерде ең маңызды мәселе тиісті шешім қабылдап, соған жауап бере білуде. Бұл спортта басты қасиет тактикалық тұрғыда ойлай білуге байланысты. Нақты нәтиже де осыған байланысты болады.
Сонымен қатар, шахматшы дене бітімі жағынан да жетілген болуы тиіс. Өйткені тек дене бітімі дамыған адам ғана үстелде ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз отырып, ой еңбегімен айналыса алады. Соным қатар, шахматшы өзін бір мақсатқа бағыттап, соған ұмтыла білуі де қажет етеді.
Интернет материалдарынан