«Astana Invest -2015» VI Халықаралық инвестициялық форумының бас сессиясында сөз алған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев шетелдік компанияларды қазақстандық компаниялардың жекешелендіру науқанына қатысуға шақырды.
Б.Сағынтаев атап өткендей, Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру науқаны аясында «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерінің республикалық және жергілікті деңгейдегі бірқатар компанияларының тізімі бекітілген.
«Нысандарды бәсекеге қабілетті орталарға шығару туралы айтқанда, тікелей сату немесе IPO және SPO тетіктері арқылы оларды қаржы нарықтарына шығару жоспарланып отыр. Соның ішінде, нысандар 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Астанадағы Халықаралық қаржы орталығына шығарылмақ»,-деп атап өтті Б.Сағынтаев.
«Ал, өзге нысандарды аукциондарға шығарып немесе жеке инвестордың сатуына шығарып сату көзделіп отыр», -деді сөз арасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.