Қазақстанда ұлттық анимациялық студияны және документалистика студиясын құру жоспарлануда - Арыстанбек Мұхамедиұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ұлттық анимациялық студияны және документалистика студиясын құру жоспарлануда - Арыстанбек Мұхамедиұлы

28.10.2015
Қазақстанда ұлттық анимациялық студияны және документалистика студиясын құру жоспарлануда - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қазақстанда ұлттық анимациялық студиясын және документалистика студиясын құру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«Ұлттық анимациялық студияны және документалистика студиясын құру маңызды бағыт болып отыр», - деп атап өтті А.Мұхамедиұлы министрліктің алқа мәжілісінде.

Сонымен қатар, елімізде «Қазақстан» орталық концерт залының базасында «ҚазақКонцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын құру ұсынылып отыр. «Бұл астанамызда орындаушылардың жоғары кәсіби пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп түйді сөзін А.Мұхамедиұлы. 

Хабарламаларға жазылу