«Сыр-сұхбатта» - Арыстанбек Мұхамедиұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сыр-сұхбатта» - Арыстанбек Мұхамедиұлы

21.09.2014
«Сыр-сұхбатта» - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Жеті жасында музыка мектебінде тәрбиеленген Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі таңда қазақ мәдениетінің әлемдік деңгейде насихатталуына үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.

Ол 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келген.

1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын виолончель сыныбы бойынша аяқтайды. 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аспирантурасын тәмамдады.

2003 жылы «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша «Қазақстан-ЮНЕСКО: мәдени ынтымақтастық аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолын Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған қоғам қайраткерінің сұхбатын бүгін 17.00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу