Сот А.Мұхамедиұлын үйқамаққа жібермеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот А.Мұхамедиұлын үйқамаққа жібермеді

17.04.2023

Бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын сот үйқамаққа жібермейтін болды. Онлайн форматта өткен отырыста қорғаушысы оның зейнет жасына жақындағанын әрі денсаулығы да нашар екенін алға тартып арыз түсірген. Ал айыпталушының өзі түрлі дене жаттығуларымен айналысып жүргенін айтты. Арыстанбек Мұхамедиұлы мен тағы үш сыбайласының соты бүгін басталды. Еске салайын, 2022 жылы мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сот санкциясымен қамауға алынған еді. Оған «Үндістанда көрме өткізу үшін 111 миллион теңгені заңсыз пайдаланды» деген айып тағылған. Ал арада тоғыз ай өткенде бұл соманың 221 миллион 411 мың теңгеге жеткені белгілі болды.

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу