Байқауға жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған аспаздар қатысып, өзбек халқының ұлттық тағамының нақ нұсқасын әзірлеп көпке ұсынуға тырысты.
Ұлттық тағамды насихаттау сайысы биыл 5-рет ұйымдастырылды. Мұнда «Алғашқы махаббат», «Алтын тағам», «Той палауы» сынды түрлі атпен 26 қазанға палау дайындалды. Оның ішінде «Ташкент палауын» мектеп оқушылары, жасы небәрі 12-ге толған жас аспаздар дайындаған.
Сайыс нәтижесі бойынша, Гуламжан Ғаниев жеңімпаз атанды. Жеңімпазға 30 мың теңгенің сый-тартуы табысталды. Жүлделі екінші орынды Азада Тешебаева пен Шакір Заидов өзара бөлісті.
Ал, жүлделі үшінші орынды Насибулла Халилов пен Дәулет Миррахимов және Ұлықбек Халметов қанағат тұтты.