Елордадағы «Жастар» театрында Қазақстан халықтары достығының фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы «Жастар» театрында Қазақстан халықтары достығының фестивалі өтуде

23.04.2016
Елордадағы «Жастар» театрында Қазақстан халықтары достығының фестивалі өтуде

Астанадағы «Жастар» театрында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XVII қалалық «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты Қазақстан халықтары  достығының фестивалі басталды.

Шара барысында этномәдени бірлестіктер түрлі жанрдағы көркемдік қойылымдарды көпшілік назарына ұсынды. Фестиваль шымылдығын «Радима» беларусь орталығы ашты. Олар көпшілік назарына вокалдық және би нөмірлерін ұсынып, өлеңдер оқыды, жас жігітті әскерге шығарып салу салтын көрсетті.

Екі күн ішінде «Жастар» театрының сахнасында 22 этномәдени бірлестік өкілдері өнерлерін ортаға салмақ.

Хабарламаларға жазылу