Ревматологиялық сырқаттарды емдеу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ревматологиялық сырқаттарды емдеу (ВИДЕО)

26.10.2015
Ревматологиялық сырқаттарды емдеу (ВИДЕО)

Ревматология – медицинаның елімізде кенжелеу дамып келе жатқан саласы. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Райхан Оспанқызы 30 жылдан аса ғұмырын осы сырқат түрін зерттеуге арнаған дәрігер.

Ревматологиялық аурулардың 100-ге жуық түрі бар. Бірақ, оның 99 пайызының себебін анықтау - қиын, дейді мамандар.

«Ең басты иммундық жүйенің бұзылуы – иммунодепрессия.  Бұл стрестен пайда болады», - дейді Райхан Оспанқызы.

Бұл – созылмалы сырқат. Науқастың құлан-таза айығып кетуі – сирек жағдай.

Буын ауруларының ішінде тек ревматизмнің пайда болу себебі анықталған. Ол – стрептококк.

«Стрептококтың мынадай қасиеті бар:  миға,  жүрекке және бүйрекке әсер етеді. Бүйрекке әсер етсе, гломерулонефрит, жүрекке әсер етсе, ревматизм немесе миокардит,  миға әсер етсе, энцефалит сияқты ауруларға шалдығады», - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Райхан Оспанқызы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу