Қ.Көшербаев: Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып, бөлшек сауда айналымы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Көшербаев: Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып, бөлшек сауда айналымы өсті

23.10.2015
Қ.Көшербаев: Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып, бөлшек сауда айналымы өсті

«Ерекше экономикалық жағдайда дұрыс шешімдер қабылдау керек. 19-20 қазан күндері Елбасының өңірімізге жұмыс сапары барысында аймағымыздың дамуы қарқынына жоғары баға берді. Дегенмен, оған тоқмейілісуге болмайды. Басталған жұмысты жалғастыру керек. Дағдарыс кезінде қаржыландырудың қысқаруына байланысты облысымыздың елді мекендерін дамыту және абаттандыру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының инвестицияларын белсенді тартып жатырмыз», - деді жиынды ашқан облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Тоғыз ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы облыс әкімінің орынбасары Наталья Годунова баяндады. Облыста дамудың оң диномикасы сақталуда. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі артып, тұтынушы бағалары орташа республикалық деңгейден төмен. Бөлшек сауда айналымы өскен. Өңірдің экономикасын әртараптандыру бойынша белсенді жұмыс жалғастырылып, бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. ҰБТ көрсеткіштері 7,5 баллға жоғарлап, облыс республикалық рейтингте бесінші орынға көтерілді. Аурушаңдық көрсеткіштері төмендеді. 

Жиынды қорытындылай келе облыс әкімі аудан әкімдерімен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоспарлаған жобаларды уақытылы жүзеге асыруды және қолға алынған жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу