Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі бағытында 180 жаңа жоба іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі бағытында 180 жаңа жоба іске қосылады

26.01.2024

Биыл Қазақстанда жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын өңдеу өнеркәсібінің жаңа 180 жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Олар жүзеге асса, 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында осылай айтылды. Үкімет басшысының сөзінше, соңғы жылдары елде өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі артқан. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өңдеу өнеркәсібінің сыртқы сауда айналымы 12%-ға артып, 74,2 млрд долларға жеткенін атап өтті. Бұл өткен жылдың 11 айының қорытындысы. «Яғни, Қазақстанға импортталатын тауарлардың басым бөлігін өзімізде өндіруге мүмкіндік бар», - дейді мамандар. Ендігі мақсат - кәсіпорындардың негізгі қорларын уақтылы жаңарту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу