Павлодарлық оқушылар Жапонияда өткен халықаралық сурет байқауында жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық оқушылар Жапонияда өткен халықаралық сурет байқауында жеңімпаз атанды

23.10.2015
Павлодарлық оқушылар Жапонияда өткен халықаралық сурет байқауында жеңімпаз атанды

Павлодар қаласындағы № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Жапонияның Канагава қаласында өткен XVIII халықаралық сурет  байқауында лауреат атанды.

«Биыл Қазақстаннан қатысқан 249 жеткіншектің сегізі жеңімпаз атанған. Олардың үшеуі – Павлодар қаласы мектебінің оқушылары», - деді облыстық білім беру басқармасының маманы Балжан Әділханова.

Алина Гибадулинаның «Түнгі қала» атты суреті үшін бірінші дәрежелі дипломмен, Азиза Иманқұлованың «Шығыс ертегілері» суреті екінші дәрежелі дипломмен және Асан Қайсаның «Достардың түнгі қаладағы кездесуі» атты суреті  үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жас өрендерді сурет өнеріне баулып жүрген жетекшілері - Анжела Бамбуляк, Сәуле Пернебаева, Раиса Степанко.

 

pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу