Айғаным Қайырбаева Германияда өткен сурет байқауында жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айғаным Қайырбаева Германияда өткен сурет байқауында жеңімпаз атанды

21.01.2016
Айғаным Қайырбаева Германияда өткен сурет байқауында жеңімпаз атанды

Айғаным «Жағажайда» атты әсерлі де шуақты суреті үшін І орын алып, жеңімпаз дипломы және құнды сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жасөспірім суретші Павлодар қаласының көркемөнер мектептері бірінің оқушысы.

Байқауға Еуропа, Ресей, Қытай, Жапония және Орталық Азия мемлекеттерінен 250-ге жуық жасөспірімдер қатысқан.

Хабарламаларға жазылу