Шымкентте педагогтардың «Суретшілер әлемі» атты көркемсурет көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте педагогтардың «Суретшілер әлемі» атты көркемсурет көрмесі өтті

05.02.2016
Шымкентте педагогтардың «Суретшілер әлемі» атты көркемсурет көрмесі өтті

Көрмеде бір емес, елуге тарта педагогтың жұмыстары қойылды. Бір ерекшелігі — қатысушылар үшін тақырыптарға шектеу болған жоқ. Бұл бастама көрмеге жастардың да жолдама алуына сеп болған. Өнердің осы саласына енді ғана бетбұрған жандар аз-кем еңбегінің еленіп, көрменің төрінен табылды.

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады.

Сонымен өңіріміздегі бейнелеу өнері пәнінің педагогтары арасында өрбіген шарада олардың 300-ге тарта туындылары таныстырылды. Автопортреттер, пейзаж, натюрмортпен өзге де бейнелеу өнерінің жанрлары жаңа, заманауи бағытта да ұсынылды. Ал арасында ерекше еңбектің авторлары ұстаздар қауымының алғыс хаттарына ие болды. Енді кәсіби суретшілердің еңбегі күнгейліктердің назарына апта бойы таныстырылмақ.

Хабарламаларға жазылу