Ақмола облысының өкілдері Астанада өтетін жәрмеңкеде «Бауырсақ шоу» ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының өкілдері Астанада өтетін жәрмеңкеде «Бауырсақ шоу» ұйымдастырады

21.10.2015
Ақмола облысының өкілдері Астанада өтетін жәрмеңкеде «Бауырсақ шоу» ұйымдастырады

Жәрмеңке биылғы жылдың 24-қазаны күні «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда өтеді.

Жәрмеңкеге ақмолалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер елорда тұрғындарына 70-тен астам өнім түрлерін ұсынбақ.  Олардың арасында, ет және шұжық өнімдері, балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн мен одан жасалатын өнімдер, картоп, көкөністер, дәнді дақылдар, өсімдік майы сияқты өнімдер бар.  

Тауар көлемі 968,5 тонна, оның құны 404,3 млн тонна болады деп күтілуде.  

Сонымен қатар, осы күні Астана тұрғындары мен қонақтары үшін шоу бағдарламалар мен спорттық жарыстар, байқаулар мен «Бауырсақ шоу» ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу