Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушылармен кездесті

23.05.2015
Елтаңбасы авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушылармен кездесті

Еліміздің Елтаңбасы авторларының бірі - Жандарбек Мәлібеков астаналық оқушыларға Тәуелсіздік ұғымын түсіндірді. №9 «Зерде» дарынды балалар мектеп-лицейі оқушыларымен кездесуде сәулетші Елтаңбаның әрбір элементінің мән-маңызына тоқталды.

Егемен еліміздің мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында өткен іс-шарада қылқалам шебері қазақтың киіз үйі – әлемде баламасы жоқ теңдессіз үй құрылысы екендігін жеткізді.

Осындай кездесу №38 мектеп-лицейде жалғасты. Жас толқын мемлекеттік рәміздер туралы толыққанды ақпарат алды. Сондай-ақ, тәрбие сағатында оқушыларға  Мәңгілік ел тұжырымдасы түсіндірілді.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу